Қуаныш А.Қ.2024-09-102024-09-102022Қуаныш А.Қ./Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері/Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1485Диссертациялық жұмысының тақырыбы: Оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдері. Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 84 бет, 7 кесте, 27 сурет, зерттеу барысында 56 әдебиет қаралды. Диссертациялық жұмыстың бірінші бөлімінде тақырыпты ашу мақсатында публицистикалық стиль және оның теориялық негіздеріне тоқталдық. Тіл біліміндегі публицистикалық стильдің зерттелуі мен бөлінісін қарастырдық. Публицистикалық стильдегі сөз жанрларының прагматикалық аспектісі анықталып, публицистикалық стильдің мектеп бағдарламаларындағы көрінісі нақтыланды. Диссертациялық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші тараудағы тұжырымдарға сүйене отырып, публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдістемелік негіздері анықталды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің педагогикалық негізі мен оқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің тиімді әдістәсілдері қарастырылды. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертуге қатысты эксперименттік талдау жасадық. Публицистикалық стильді меңгертуде орындалатын жаттығулар мен тапсырмалар осы тарауда ұсынылып отыр. Диссертациялық жұмыстың қорытынды бөлімінде жалпы зерттеу жұмысына шолу жасалынып, ғылыми зерттеудің жеткен мақсаттары нақтыланды.otherпублицистикалық стильсөз жанрларыфункционалды стильдерОқушыларға публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін меңгертудің әдіс-тәсілдеріOther