Ақерке Оралбек2026-01-202026-01-202025Ақерке Оралбек/ 2024 жылғы батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық БАҚ-тың рөлі / SDU Journal of Media Studies 2025/1 (1)https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2365Бұл зерттеу 2024 жылғы Батыс Қазақстандағы су тасқынын көрсету барысында мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін күн тәртібін орнату және фрейминг теориясы аясында қарастырады. Табиғи апаттар туралы медиадағы жарияланымдар үкіметтің әрекетіне, төтенше жағдайлар қызметінің жұмысын бағалауға және азаматтардың апатқа деген көзқарасына әсер етеді. Алайда кейде БАҚ мұндай оқиғаларды сенсацияға бейімдеп, шок, дүрбелең, кейіпкерлер мен эмоциялық аспектілерге ерекше назар аударады. Бұл зерттеудің мақсаты –2024 жылғы су тасқыны қазақстандық медиада қалай көрсетілгенін және қандай фреймдер басым болғанын анықтау. Осы мақсатта Tengrinews.kz және Ақ Жайық сайттарындағы 2024 жылы24 ақпан мен 14сәуір аралығында жарық көрген 30 материалға сандық және сапалық контентталдау жүргізілді. Бұл басылымдар аудитория көлемі, ұстанымдары мен таралу ауқымына қарай таңдалды. Зерттеу нәтижесінде су тасқыны жайлы жарияланымдарда төтенше жағдайлар, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемелері, зардап шеккендер, көмек көрсету, үкімет әрекеті және инфрақұрылымның бұзылуы секілді тақырыптардың басым болғаны анықталды.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 InternationalСу тасқыныфреймиңақпараттандырукүн тәртібіБатыс ҚазақстанTengrinewsАқ жайықмемлекеттік БАҚ2024 жылғы батыс өңірлеріндегі су тасқынын көрсетудегі қазақстандық БАҚ-тың рөліArticle