Керімбекова Б.Д2025-09-242025-09-242012Керімбекова Б.Д / Қазіргі қазақ поэмаларының тарихи-тақырыптық сипаты / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 338-3409965-792-05-4https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2003Поэманың жанр ретіндегі ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін анықтауға байланысты орыс және қазақ әдебиеттануында өте көп айтылды, түрлі пікірлер кездеседі. ХХ ғасыр әдебиетінде поэма жанры сияқты әдебиеттанушылардың арасында айтыс-тартыс тудырған жанр сирек. Сондықтан болар, поэма жанры туралы айтылған пікірлерде бірізділік жоқ, поэманың жанр ретіндегі ерекшелігі, оның түрлері, тіпті поэмаға беріліп жүрген анықтаманың өзі әлі де дәлдікті талап етеді. Өйткені, В. Кубилюстің сөзімен айтар болсақ: «Әрбір әдеби жанрды басқа әдеби жанрлардан оқшау, байланыссыз, томаға-тұйық автономия» ретінде қарауға болмайды. Әдебиет те өмір сияқты, диалектика заңына тәуелді. Қатып қалған қағидасы болмайды. Өмір ағынымен қатар адам, оның әлемді қабылдауы өзгереді, содан келіп әдебиетте жаңа идеялар пайда болады.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalпоэмаәдебиеттануәдеби процессерекшелікҚазіргі қазақ поэмаларының тарихи-тақырыптық сипатыArticle