Утанова Айзада2025-10-292025-10-292007Утанова Айзада / Мәтіннің лексика-фразеологиялық болмысы / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2007https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2123Мақалада көркем мәтіндегі лексика-фразеологиялық жүйенің стильдік қызметі мен жазушының даралық тілдік шеберлігі талданады. Тұрақты тіркестер мен этнографиялық лексемалардың ұлттық болмысты танытудағы, көркем бейнелеу мен идеялық мазмұнды тереңдетудегі рөлі айқындалады. Зерттеуде М.Әуезов шығармалары мысалға алынып, жазушының сөз таңдау, мағыналас сөздерді қосарлап қолдану, этнографизмдер мен түстік символиканы стильдік мақсатта пайдалану ерекшеліктері сараланған. Әсіресе «Қорғансыздың күні» мен «Қаралы сұлу» шығармаларындағы түстер жүйесінің (қызыл, қара) семантикалық мәні мен көркемдік қызметі талданады. Жазушы тіліндегі фразеологизмдер мен этнографиялық элементтер қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық мәдениетінің тілдік айнасы ретінде бағаланады.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalлексика-фразеологиялық жүйефразеологизмэтнографизмтүстік символикакөркем мәтінсөз таңдауұлттық болмыстілдік шеберлікМәтіннің лексика-фразеологиялық болмысыArticle