Абжалова А.2025-09-262025-09-262012Абжалова А. / 90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПЬЕСАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРҒА ШОЛУ / 5th International Conference, Building Cultural Bridges: Integrating Languages, Linguistics, Literature, Translation and Journalism into Education /ISBN: 9965-792-05-4, Suleyman Demirel University, 2012 pgs 379 -3819965-792-05-4https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2016Қазақ елі тәуелсіздігіміздің көк байрағы желбіреп егемен ел болған кезеңде ұлттық әдебиетіміз бен мәдениетімізге жаңа туындылардың лек-легімен қосылғаны баршамызға аян. Бұл елдігіміз бен ерлігімізді жариялайтын ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртқан, ұлтымыЗДЫ еркіндікке бағыттайтын төл туындылар болып табылады. 1996 жылы жазылған ақын-драматург Иран-Ғайыптың «Естайдың Қорланы» шығарма желісі егемен еліміздің ертеңгі болашағы жастарымызға беретін тәлім- тәрбиесі мол. Себебі қазіргі қоғамда баршаға аян жастар махаббатты жеңіл үйреншікті әдетке айналдырған. Махаббаттың бастауы- саналы ізгілік пен тазалық екеніне жіті мән бермейді. Қоғамда көкек аналар мен тастанды балалардың орын алуы осының айғағы. Елдігіміз бен салт-санамызды жаңғыртатын мұндай шығармалар жаңа буын өкілдеріне керек-ақ. Пьеса желісіне тоқталар болсақ: бірін-бірі сүйген екі ғашық, бір-біріне айрылыспаймыз деп серт беріп тағдырдың маңдайға жазуымен екеуі екі жаққа бөлініп кете барады.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalтәуелсіздік дәуірі әдебиетілирикалық драматургияқазақ поэзиясы мен драмасы90-жылдардағы қазақ драматургиясы90-ЖЫЛДАРДАҒЫ ПЬЕСАЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРҒА ШОЛУArticle