Ислам Жеменей2025-11-192025-11-192009Ислам Жеменей / Тараз жазба әдебиет деректерінде / Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2009https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2231Бұл мақалада Тараз қаласының тарихи дереккөздердегі көрінісі парсы және араб жазба мұралары негізінде талданады. Автор ортағасырлық шығыс тарихшылары мен географтарының еңбектерінде Тараз атауының қолданылуы, оның саяси-қоғамдық рөлі және мәдени беделі туралы мәліметтерді жүйелейді. Нәршахидың «Бұхара тарихы», Мырза Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашиди» еңбектері мен басқа да деректерде Тараздың аймақтық стратегиялық маңызы, сауда және әскери орталық ретінде сипатталуы көрсетіледі. Сонымен қатар парсы ақындары шығармаларындағы Тараз арулары бейнесі мен қаланың көркем мәдениетпен байланысы да қарастырылады. Мақала Тараздың Тұран өркениетіндегі орнына назар аудара отырып, жазба деректердің тілдік және мәдени ерекшеліктерін салыстырмалы тұрғыдан сипаттайды. Зерттеу нәтижелері Тараздың тарихи-мәдени келбетін кең көлемде түсінуге мүмкіндік береді.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalпарсы деректеріараб деректеріпарсы ақындарыортағасырлық деректертарихи қалалармәдени байланыстарТараз жазба әдебиет деректеріндеArticle