Бидоллақызы Б.2025-10-292025-10-292007Бидоллақызы Б. / Этимон және оның ерекшеліктері/ Suleyman Demirel University / Сду хабаршысы, 2007https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2115Бұл мақалада тіл біліміндегі «этимон» ұғымының мәні мен ерекшеліктері жан-жақты талданады. Автор этимонды анықтаудағы түрлі ғалымдардың көзқарастарын салыстыра отырып, ұғымның ғылыми мазмұнын нақтылауға ұмтылады. Ханзу, батыс және қазақ тілтанушыларының анықтамалары негізінде этимонның «сөздің шығу тегі», «сөз түбірінің төркіні» және «сөздің ішкі тұлғасы» деген үш бағыттағы түсіндірмелері қарастырылады. Зерттеуде Иын Жиминнің «этимон – сөздің дыбысы мен мағынасының тарихи қайнары» деген тұжырымы этимон теориясының ең толық нұсқасы ретінде бағаланады. Сондай-ақ, Форно, Хамболд, Жақыш Хасенов сынды ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, сөздің түбірі мен этимонның айырмашылығы, сондай-ақ сөздің ішкі тұлғасы мен мағыналық байланысы талданады. Мақалада этимонның тілдегі тарихи рөлі мен сөзжасамдағы маңызы айқындалып, оның тіл дамуының ішкі заңдылықтарын түсінудегі орны көрсетіледі.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalсөз түбірісөздің ішкі тұлғасымағына мен дыбыс байланысытіл тарихыэтимонЭтимон және оның ерекшеліктеріArticle