Утегулов Б.У.2026-04-102026-04-102025Утегулов Б.У / ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ / SDU University / ҚҰҚЫҚ ЖƏНЕ ƏЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ «ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫhttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2607Жер эконмикалық өндірістің негізгі факторларының бірі болып табылады. 2022 жылғы 8 маусымдағы Қазақстан Республикасысының Конституциясына енгізілген өзгерістердің ішінде жер және оның қойнауы, су көздері, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі деп өзгертілген. Ата заңдағы өзгерістер нәтижесінде, Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің (әрі қарай - Кодекс) 3 - бабы: “ҚР жері Қазақстан халқына тиесілі, осыған сәйкес Қазақстан халқының атынан меншік құқығын мемлекет жүзеге асырады деп көрсетілген. Сондықтан мемлекеттің меншік құқығын жүзеге асыруы Қазақстандықтардың мүддесі үшін мемлекеттік меншік режимі негізінде жүзеге асырылады” деп өзгертілді [2]. Сонымен қатар, президент Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің 2023 жылға байланысты Берекелі қоғам, біртұтас ұлт және әділетті мемлекет атты халыққа жолдауы кезінде, “Біз Конституциямызда табиғи ресуртар, және оның ішінде жер халықтыңменшігі деген басты қағидатты бекіттік деді. Сондықтан бұл – құр сөз емес екенін дәлелдеу керек. Бұл – барлық реформаның арқауы болады. Əрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі тиіс екенін міндеттеймін. Əрбір елді-мекен мен аймақта бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау керекпіз. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектар шамасында екен” - деді өзінің жолдауында [3]. Осындай өзгерістердің себебі, жерді дұрыс емес пайдаланудың, жерді пайдаланбаудың әсері, оның ішінде жер қатынастарын реттейтін және бақылайтын уәкілетті органдардың өз құзыреттіліктерін тиісті түрде орындамауынан болып жатыр. Оған дәлел, 2021 жылы 1 шілдеде күшіне енген Əкімшілік рәсімдік - процестік кодекстің күшіне енуі. Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Алтынай Абубакировна Давлетованың айтуынша: ƏРПК негізінде келіп түскен даулардың ішінде ең көбі жер қатынастары және салық қатынастары бойынша қаралатын істер. Осы келтірілген мәліметтер тақырыптың ҚР аумағында актуалдығын көрсетеді.otherЖер ресурстарын басқару түсінігі мен түрлеріЖерді тиімді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жүргізуЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУThesis