Жүнісбекова Б.Д.2024-04-192024-04-192021Жүнісбекова Б.Д / БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕ / 2021 International Young Scholars' Conference978-601-7537-98-2https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1286Аңдатпа. Бұқаралық ақпарат құралдарының арқасында кез-келген төтенше оқиға немесе табиғи апат ақпараттық-коммуникациялық резонанс алады, бұл жаңалықтың хабарлау сипатына қарай апаттың салдарын күшейтеді немесе адамдарды депрессия, апатиядан қорғауға көмектеседі, яғни әлеуметтік салада психотерапияның бір түрін жүзеге асырады. Қазіргі кездегі бұқаралық ақпарат құралдары, баспасөз - қоғамға, экономикаға, саясатқа, эстетикаға белсенді әсер ететін нақты әлеуметтік-саяси фактор. Ол көзқарасты, талғамды, дүниетанымды анықтайды және қалыптастырады. Адамдар телеарналар ұсынатын әр түрлі бағдарламаларды көреді. Табиғи және техногендік апаттар, түрлі масштабтағы оқиғалар сияқты экстремалды оқиғаларды қамтитын бағдарламалар ерекше орын алады. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы төтенше оқиғалар туралы жаңалықтар ақпарат нарығының ең танымал мазмұны болып табылады. Соңғы онжылдықта телеарналарда, баспа және интернет БАҚ-та, радиода жаңалықтарды тезірек және сапалы дайындауға жағдай жасалды. Күн сайын ақпараттық жобалардың саны мен сапасы артып келеді, бұл ақпараттық өнімдердің өздерін де, тәжірибелерін де, оларды дайындау ерекшеліктерін де зерттеу өзектілігін дәлелдейді.otherжурналистикаТВтөтенше оқиғаБАҚқоғамәлеуметтік жауапкершілік2021 International Young Scholars' Conference№10БАҚ – ТӨТЕНШЕ ОҚИҒАЛАР КЕЗІНДЕ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ КӨЗІ РЕТІНДЕArticle