Арибжанова А.Ш.2024-09-062024-09-062022Арибжанова А.Ш./ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ /Қазақ тілі және әдебиеті, Қаскелең-2022https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1477Диссертация жұмысының тақырыбы: Әдебиет сабағында жоғары сынып оқушыларының әдеби шығармашылық қабілетін дамыту Жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан (тараушалардан), қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Диссертациялық жұмыстың көлемі: 88 бет, 24 кесте, 3 сурет, 3 сызба бар, зерттеу барысында 65 әдебиет қаралды. Кілт сөздер: шығармашылық, қабілет, оқушы, әдебиет пәні, өнер, мұғалім. Диссертация жұмысының бірінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының әдеби және шығармашылық қабілетіне сәйкес дамыту үдерісінің ерекшеліктері және әдеби-шығармашылық қабілетті дамыту мәселелерінің психологиялық аспектісі қарастырылып, зерттелді, осыған сәйкес дидактикалық ұстанымдарға, арнайы шығармашылық тұлға қалыптастыру барысында қамтылатын үдерістерге тоқталып, жұмыс жүргізілді. Диссертация жұмысының екінші бөлімінде жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үдерісін әдістемелік тұрғысынан қамтамасыз ете отырып, жоғары сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттнн дамыту барысында өткен тәжірибелікэксперименттік жұмыстың мазмұны мен барысы қарастырылды. Сонымен қатар әдеби шығармашылық қабілет арқылы оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыру үдерісінің белсенді-мақсатты моделі жұмыстың екінші бөлімінде қамтылды. Диссертация жұмыстың қорытынды бөлімінде тақырыпқа сай жоғары сынып оқушыларының әдебиет сабағында шығармашылық қабілетін дамыту туралы зерттелген барлық тарауларға түйін жасалынды. Жұмыс алдына қойған мақсатқа айқын жетекізілді деген сенім бар. Орындалуы керек” міндеттер толық дерлік орындалып, мәселелер өз шешімін таба алды деген қорытынды жасауға болады.kazәдебиет сабағыжоғары сынып оқушыларышығармашылық қабілетті дамытуӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУOther