Мыстаев ТалғатРашидинов РуфатҚуатұлы НұрқанатТоктасбаев БайдалиОразалиев Абзал2025-10-132025-10-132025Мыстаев Талғат, Рашидинов Руфат, Қуатұлы Нұрқанат, Токтасбаев Байдали, Оразалиев Абзал / Білім беру мекемелерінің қаржылық басқару жүйесін жетілдіру: бюджеттеу және болжау әдістері / 7М04114 - ЕМВА "Менеджмент " / 2025https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2045Бұл диссертациялық зерттеу білім беру мекемелерінің қаржылық басқару жүйесін жетілдіруге, соның ішінде стратегиялық бюджеттеу мен студенттерді қабылдауды болжау әдістерін талдауға арналған. Зерттеудің негізгі объектісі – жоғары оқу орындарындағы бюджеттеу тәжірибесі, ал пәні – нөлдік базаға негізделген бюджеттеу (Zero-Based Budgeting), стратегиялық бюджеттеу және болжау модельдерінің тиімділігі. Жұмыстың мақсаты – Z университетінің (атауы құпиялылық мақсатында өзгертілген) қаржылық тәжірибесін мысалға ала отырып, бюджеттеу әдістерінің эволюциясын талдау, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау және стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ресурстарды тиімді бөлу жолдарын ұсыну. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – білім беру мекемелерінің қаржылық басқаруында аралас модельдерді (инкременттік, нөлдік база, activity-based және стратегиялық бюджеттеу) интеграциялау тәсілдерін ұсыну, ал практикалық маңыздылығы – университеттердің қаржылық процестерін оңтайландыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға және ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік беретін ұсыныстарда. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы жоғары оқу орындарының бюджеттеу жүйесін жетілдіруге, қаржылық басқаруда ашықтықты күшейтуге және халықаралық тәжірибелерді бейімдеуге үлес қосады.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalқаржылық басқарустратегиялық бюджеттеуболжау модельдеріресурстарды тиімді бөлубюджеттеу жүйесіжоғары білім беру мекемелеріБілім беру мекемелерінің қаржылық басқару жүйесін жетілдіру: бюджеттеу және болжау әдістеріThesis