Өскен Д.2026-04-142026-04-142026Өскен Д / Қаңтар оқиғасының халықаралық медиадағы репрезентациясы: The New York Times пен Financial Times материалдарының фреймдік талдауы / SDU University / SDU Journal of Media Studies 2026/1 (4)https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2624Бұл мақала 2022 жылғы Қазақстандағы Қаңтар оқиғасының халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарында қалай репрезентацияланғанын фреймдік талдау негізінде салыстырмалы түрде зерттеуге арналған. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қаңтар оқиғасының The New York Times және Financial Times басылымдарында қандай интерпретациялық фреймдер арқылы ұсынылғанын анықтау және екі медианың репрезентациялық ерекшеліктерін салыстыру. Аталған басылымдар АҚШ пен Ұлыбританияның жетекші халықаралық медиалары ретінде таңдалып, олардың редакциялық және институционалдық айырмашылықтары зерттеу үшін маңызды контекст ұсынады. Зерттеу әдіснамасы сапалық контент-талдау мен фреймдік талдауға негізделеді. Әр басылымнан бес мақаладан іріктеліп, мәтіндер MAXQDA бағдарламасының көмегімен кодталды. Талдау барысында қауіпсіздік пен зорлықзомбылық, элиталар арасындағы билік үшін күрес, хаос пен тәртіпсіздік, әлеуметтік-экономикалық наразылықтар, мемлекеттік легитимділік және наразылықтың заңдылығы сияқты негізгі фреймдер анықталды. Бір мәтіндік фрагменттің бірнеше фреймді қатар қамту мүмкіндігі ескерілді және бұл медиадағы күрделі репрезентациялық құрылымды көрсетуге мүмкіндік берді. Зерттеу нәтижелері The New York Times басылымында қауіпсіздік пен зорлық-зомбылық, хаос және тұрақсыздық фреймдерінің басым екенін, ал Financial Times материалдарында элиталық билік қатынастары, мемлекеттік басқару және институционалдық тұрақтылық фреймдеріне көбірек мән берілгенін көрсетті. Сонымен қатар, екі басылымда да әлеуметтік-экономикалық себептер мен наразылықтың легитимділігі шектеулі деңгейде репрезентацияланғаны анықталды. Мақала нәтижелері халықаралық медиада Қаңтар оқиғасының біртекті емес, әртүрлі интерпретациялық логика арқылы ұсынылғанын көрсетіп, фреймдік талдау әдісінің саяси оқиғаларды зерттеудегі тиімділігін айқындайды.otherфреймдеурепрезентацияҚаңтар оқиғасыхалықаралық медиасаяси дискурсҚаңтар оқиғасының халықаралық медиадағы репрезентациясы: The New York Times пен Financial Times материалдарының фреймдік талдауыArticle