Болатов А.Б2026-11-242026-11-242026Болатов А.Б / БАНКРОТТЫҚ РӘСІМ АЯСЫНДАҒЫ БОРЫШҚОР МӘМІЛЕЛЕРІНІҢ ДАУЛАНУЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ / SDU UNIVERSITY / 7M04201 - «Жеке құқық»https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2714Тақырыпты таңдау негіздемесі. Банкроттық рәсім аясында борышқор мәмілелерін даулау мәселесі Қазақстан Республикасының азаматтық және банкроттық заңнамаларымен реттелетін күрделі құқықтық институт болып табылады. Аталған институт бір жағынан жарамсыз мәмілелерді даулаудың жалпы теориясымен, екінші жағынан банкроттық рәсімнің арнайы нормаларымен тығыз байланысты. Осы екі саланың өзара қиылысуы нәтижесінде ғылыми зерттеуді қажет ететін маңызды мәселе туындайды. Отандық ғылыми доктринада банкроттық рәсім шеңберіндегі борышқор мәмілелерін даулау институты жеткілікті деңгейде кешенді зерттелмеген. Жарамсыз мәмілелер жалпы азаматтық тұрғыдан зерттелсе де, оның банкроттық рәсімдегі арнайы ерекшеліктері, даулау негіздерінің өзара арақатынасы және реституциялық салдардың қолданылу тәртібі доктриналдық деңгейде толыққанды қарастырылмаған және тәжірибеде қолдану мәселесі жеткілікті деңгейде қалыптаспаған. Осы олқылықты толықтыру аталған тақырыпты таңдаудың басты негіздемесі болып саналады. Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында банкроттық рәсімдер саны жыл сайын артып келеді. Бұл үрдіс борышқор мәмілелерін даулау институтының практикалық маңыздылығын күшейте түседі, өйткені аталған институт несие берушілердің мүдделерін қорғаудың және мүліктік массаны толықтырудың негізгі құралдарының бірі ретінде қарастырылады. Борышқор мәмілелерін даулау институты несие берушілер талаптарын қанағаттандыру үшін мәмілелерді жарамсыз деп тану арқылы мүліктік массаны толықтыруға мүмкіндік береді. Мұндай мәмілелерді даулаудың құқықтық табиғатын нақты бекітпеу практикалық мәселелерді шешу барысында бірқатар қиындықтарға алып келеді. Мәмілелерді даулау негіздері мен шарттарын айқындау, арнайы және жалпы даулау негіздерінің арақатынасын анықтау, мәмілелерді жарамсыз деп танудың құқықтық салдарын белгілеу мәселелері, бұл тұрғыдан, ерекше назарды талап етеді. Қазақстан Республикасының сот статистикасы бойынша 2022 жылдың бірінші жарты жылдығында мамандандырылған сотқа жалпы 2 141 өтініш келіп түскен. Бұл көрсеткіш 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 57,2%-ға артық (1 225 өтініш) болып есептеледі. Осы кезеңде сотқа қабылданбаған өтініштер – 13, қайтарылған өтініштер – 435 болды. Іс жүргізу қорытындылары бойынша 1 638 іс аяқталып, оның ішінде 1 317 шешім шығарылды: қанағаттандырылғаны – 762, бас тартылғаны – 559. Көрсетілген деректі жиынтықтай келе, 2020 жылдан бастап банкроттық туралы өтініштердің көлемі артқанын, талап қоюлардың едәуір бөлігі қанағаттандырылмай қалғанын байқаймыз. Мұндай жағдайдың орын алуындағы басты себептері ретінде қолданыстағы заңнамада арнайы даулау негіздерінің мазмұны нақты айқындалмауын, дәлелдеу ауыртпалығының анық бөлінбеуін және реституциялық салдарды қолдану тәртібінің нақты бекітілмеуін көрсетеміз. Аталған мәселелер банкроттық басқарушылары мен соттар үшін тәжірибелік 7 қиындықтар туғызып, несие берушілердің мүдделерін тиімді қорғауға кедергі келтіруде.otherБанкроттық рәсім шеңберінде мәмілелерді даулау және оның құқықтық негіздеріБанкроттық рәсім аясында мәмілені жарамсыз деп тану институтын жетілдіру бойынша ұсыныстарБАНКРОТТЫҚ РӘСІМ АЯСЫНДАҒЫ БОРЫШҚОР МӘМІЛЕЛЕРІНІҢ ДАУЛАНУЫ: ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫThesis