Жубандыков Куанышбек2025-09-162025-09-162023Жубандыков Куанышбек / БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ БАҚ — ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНДАҒЫ БАЛА ОБРАЗЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ: TENGRINEWS, AZATTYQ ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА / 7M03201 – «Медиа зерттеулері және журналистика»/ SDU University , 2023https://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/1980Бала жайлы ақпарат таратқанда жағымсыз көңіл күй жағымдыдан әлдеқайда көп ұсынылады. Зерттеу жұмысы масс медиа өнім дайындау барысында бала құқығы мәселесіне қаншалықты жіті назар аударылғанын және осы бір мәселенің жауапкершілігін зерделейді. Себебі бала құқығының бұзылуына тек қана құқықтық нормалардың аяқасты етілуі ғана емес, олардың жағымсыз образдарда беріліп, медиадағы бала көрінісі мен репрезентациясының таптаурындар және де стереотиптер шырмауынан шыға алмай қалғандығы да жататынын айтуға болады. Ал Қазақстан медиасында осы бір мәселе қандай деңгейде және де бала образы көрінісінің қандай проблемалары бар? Жалпы еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары және де масс медиа зерттеулері үшін бала мен бала құқығы тақырыбы шикі зерттелген тақырыптардың қатарында. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы бала образының көрінісі мен репрезентациясы қандай? Бала образын ұсынуда қандай құқықтық аспектілерге назар аудару қажет? Ғылыми жұмыс осы сұрақтарға жауап беріп, Қазақстан медиасы призмасынан бала көрінісі мен репрезентациясына және де оның әсеріне анализ жасау арқылы осы тақырыпта жасалған зерттеулер мен еңбектер санының артуына үлес қосады.Attribution-NonCommercial-ShareAlike 4.0 Internationalбала құқығыбала көрінісі мен репрезентациясыбұқаралық ақпарат құралдары мен медиа көрінісі мен репрезентация,таптаурындарстереотиптерэтикабаламедиаБАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ БАҚ — ҚАЗАҚСТАН МЕДИАСЫНДАҒЫ БАЛА ОБРАЗЫ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ: TENGRINEWS, AZATTYQ ПОРТАЛДАРЫ ЖӘНЕ КТК ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДАThesis