Шайзарат Н.2026-04-102026-04-102025Шайзарат Н / Қазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту (септік категориясы негізінде) / SDU University / ПЕДAГОГИКA ЖӘНЕ ГУМAНИТAРЛЫҚ ҒЫЛЫМДAР ФAКУЛЬТЕТІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУ КAФЕДРAСЫhttps://repository.sdu.edu.kz/handle/123456789/2608Бұл зерттеу жұмысы қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мен дамыту жолдарын қарастырады. Атап айтқанда, қазақ тіліндегі септік категориясын меңгерту арқылы оқушылардың тілдік қатысым дағдыларын жетілдірудің тиімді жолдары ұсынылады. Зерттеу мектеп бағдарламасына сәйкес қазақ тілін оқытудың теориялық негіздері мен тәжірибелік әдістеріне сүйенеді. Зерттеу жұмысының өзектілігі: бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тұлғаның тілдік, мәдени және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін құзыреттіліктерді дамыту. Осы орайда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру – қазақ тілі пәнінің өзекті міндеттерінің бірі. Септік жалғаулары арқылы сөйлемдегі сөздердің байланысын дұрыс орната білу – оқушылардың сөйлеу, жазу, түсіну қабілетін жетілдіруге негіз болады. Осыған байланысты септік категориясы негізінде коммуникативтік құзыреттілікті дамыту – теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе. Бүгінгі білім беру жүйесінің басты мақсаты – тұлғаның тілдік, мәдени және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ететін құзыреттіліктерді дамыту. Осы орайда оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру – қазақ тілі пәнінің өзекті міндеттерінің бірі. Коммуникативтік құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның өз ойын ауызша және жазбаша түрде еркін, түсінікті жеткізе алуы, пікір алмасу барысында тілдік бірліктерді орынды қолдана білуі, әртүрлі тілдік жағдаяттарда тіл табыса алуы. Бұл құзыреттілікті дамыту – оқушының өмір бойы білім алуға, ақпаратпен жұмыс істеуге, қоғаммен еркін араласуға мүмкіндік береді. Сондықтан тілдік білім мазмұнын коммуникативтік мақсатқа бағыттап, оқушының практикалық тілдік әрекетін жетілдіру – қазіргі білім берудегі басым бағыттардың бірі.otherҚазақ тіліндегі септік категориясыКоммуникативтік құзыретСептік жалғауларын меңгертудегі тиімді әдістер мен тәсілдерҚазақ тілін оқыту үдерісінде оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту (септік категориясы негізінде)Thesis