Search Results

Now showing 1 - 10 of 36
  • Item
    ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДА СӨЙЛЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Г.Н. Нұрманова
    Аңдатпа. Тiл – сөйлеу құралдарының бүтiн жүйесi. Сөйлеу құралдары мен сөйлеу әрекетiнің түрлерiн игеру арқылы тіл үйренуші белгiлi бiр тiлде өз ойын жеткізе алады. Тіл үйренушіге сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда құрылымдық, интерактивті, т.б әдістермен қатар, оқытудың мақсатын, мазмұнын, кезеңдерін құрайтын үш таған әсер етеді.Тiл үйренушiлерге қазақша сөйлеудi үйрету, қазақ тiлiн өмiрдiң барлық саласында iс жүзiнде қолдана бiлу оқытудың мақсатын құрайды. Оқытудың мазмұны – тiлдi үйрету үшiн қандай мәселеге басты назар аудару керек, ненi оқыту керектігін анықтайды. Сонымен қатар, тiлдi үйрету мен сөйлеудi меңгерудiң негiзгi бөлігі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық ерекшелiктерiн қалыптастыру дағдыларымен тығыз байланысты.
  • Item
    ТҮРІК ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ БІРІККЕН СӨЗДЕРДІҢ ЕМЛЕСІНДЕГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) А.Е. Махмуд
    Аңдатпа. Қазіргі таңда қазақ орфографиясында сөздердің бірге, бөлек жазылу мәселесі күн тәртібінен түспей келе жатқаны секілді, түркі тілдерінде де емле ережелерінің өзекті тақырыбы екендігі айдан анық. Мақаламызда да қазақ тілінің және түркі тілдерінің ішіндегі түрік тілінің емле ережелеріндегі сөздердің бірге не бөлек жазылу мәселесі сөз болады. Әуелі түрік тіліндегі біріккен сөздер емлесіне тоқталып, олардың қандай жағдайларда бірге жазылуы тиіс деген сауалға жауап іздеуге тырыстық. Қорытындылай келе, қазақ тіліндегі бірге жазылатын сөздер емлесімен ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға тырыстық. Сондай-ақ, бөлек жазылатын сөздер емлесін де сөз етіп, олардың да ұқсастықтары мен ерекшеліктеріне тоқталдық. Яғни тілдерге тән ерекшеліктерді айта отырып, бірге жазылатын сөздер емлесінің кейбір шешімін таба алмай келе жатқан мәселелеріне жауап іздеу мақсатын да алға қойдық.
  • Item
    THE IMPORTANCE OF WRITING SKILLS FOR EFL LEARNERS: COMMON ERRORS AND WAYS OF IMPROVING
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) E. Kozhakhmet; S. Tulepova
    Abstract.In order to attain specific language mastery, it is required to obtain four major skills of language such as writing, reading, listening, and speaking. One of the most complicated and highly required skills among all these four skills is writing, and since it is considered to be difficult, it is impossible to acquire this skill in a natural way for EFL (English as a foreign language) learners. Moreover, it is mostly accepted as the skill that has many complexities thus playing a determining role in linguistic output. For example, EFL learners frequently face difficulties in writing connected with such language components as vocabulary, grammatical structure, coherence and cohesion, spelling and punctuation. The following article aims to emphasize the significance of writing in learning a foreign language. It also attempts to highlight some common errors in students’ writings and to suggest extensive reading as an essential solution and effective way of developing writing skills.
  • Item
    ШЕРХАН МҰРТАЗА ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ (Ай мен Айша шығармасы бойынша)
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Н.Б.Абдрахынова
    Аңдатпа. Мақалада Ш.Мұртазаның шығармаларының тілі, жазушылық шеберлігі туралы сөз болады. «Ай мен Айша» романындағы жазушынынң тілдік тұлғасын танытатын, тіл шеберлігін көрсететін тұстарынан үзінді ала отырып, талдау жасалынды. Шығармаларындағы кейіпкерін тілі арқылы кейіптеу тәсілі Ш.Мұртазаның соны жолы. ерекше қасиеті, өзіне тән шеберлігі. Мақалаға «Ай мен Айша» романындағы кейіпкерлер тіліне тоқтала отырып, жазушының ерекше тілдік тұлғасын анықтағандай болдық. Жазушының тілдік тұлға мәселесін тілдік, экстралингвистикалық (тарихи, мәдени, әлеуметтік, психологиялық) факторларды сабақтастыра отырып, кешенді түрде талдап, тілдік тұлға қалыптасуының тілтанымдық негізін анықтама берілді. Шығармадағы Айша бейнесі, өз сөзімен мінездеме берген Барсхан бейнесі қарым-қатынас тілі арқылы ашылады. Коммуникативтік байланыс мүшелері шығарманың негізгі қаһарманы мен реципиент оқырман.
  • Item
    SÖZCÜK ÖĞRETİMİNDE İNSTAGRAM KULLANIMININ ETKİLİLİĞİ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А. Kurmanalі Chakyroglu; B. Seri
    Özet. Hiç süphesiz sözcük ögretimi, dil ögretiminin vazgeçilmez parçalarından birisidir. Bu bağlamda, sözcük öğretimi dil öğretimi ve öğreniminde çok yönlü ve kapsamlı bir alan olarak yerini almaktadır. Doğru ve sağlıklı iletişimin temel anahtarı olan sözcük hazinesi, yabancı dil öğretiminde önemli yer tutmaktadır. Bu ihtiyacı göz önünde bulundurarak çalışmamızda Yabancı dil olarak Türkçe derslerinde sözcük öğretiminde İnstagram kullanımının önemini ve öğrenci başarısına etkisini araştırdık. Çalışmamızda yabancılara sözcük öğretiminde sosyal medyanın bir alanı olan İnstagramın kullanımının öneminden bahsedilecek ve uygulamalara yer verilecektir. Bununla birlikte, sözcük öğretiminde İnstagramın kullanımının etkililiği ile ilgili anket sonuçları ile araştırmanın deneysel sonuçları ortaya konacaktır. Çalışmanın amacı yabancı dil olarak Türkçe öğretiminde İnstagram kullanımının öğrencilerin başarı düzeyini ne şekilde etkilediğini araştırmak, bu araştırma ışığında iletişim bakımından son derece önem taşıyan sözcük öğretimini kolaylaştırmak ve Türkçenin yabancı dil olarak öğretimine katkı sağlamaktır. Araştırma esnasında bir kontrol ve bir deney grubu oluşturulmuş olup, ön testler ve son testler uygulanmıştır. Ayrıca, gözlem, anket, görüşme, soru-cevap, testler gibi yöntemler uygulanmış olup, araştırmanın sonuçları tablolar ve grafiklerle gösterilmiş ve bulgu ve yorumlara yer verilmiştir.
  • Item
    БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ІЗДЕНІСЗЕРТТЕУШІЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Б.Д. Сыдыхов; А. Кайрбаева
    Андатпа. Бұл еңбекте cтуденттердің ізденіс-зерттеушілік ісәрекетінің айқындалған кезеңдеріне сәйкес, олардың ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру, оқытушылардың әрекеті мен студенттердің әрекетінің әр қайсысы жеке анықталады. «Тәсіл» түсінігінің мазмұны ашылады. «Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекет тәсілі» түсінігі жасалады. Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеті тәсілдерінің кезеңдері негізінде, осы әрекет түрі тәсілдерінің классификациясы құрылды, тәсілдердің алты тобына жинақталды, әр топқа сәйкес тәсілдер көрсетілді және олардың әрқайсының құрамы беріледі. Көрсетілген тәсілдердің ішінде студенттердің ізденіс-зерттеушілік іс-әрекетінің жетекші тәсілдері айқындалады: проблеманың қойылу тәсілі, болжамды ұсыну тәсілі және болжамды дәлелдеу тәсілі. Ізденіс-зерттеушілік іс-әрекеттің әрекеттерін тәсілдермен салыстырып іс-әрекеттің жеке кезеңдерге өтуін, әрекеттің негізгі бағдарын көрсетеміз. Кезеңмен іске асырылатын ізденіс-зерттеушілік ісәрекет үдерісінде, іс-әрекеттің бір тәсілі ғана емес, бірнеше тәсілдері де байқалады.
  • Item
    РОЛЬ ГЕЙМИФИКАЦИИ В ОБРАЗОВАНИИ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) M.K. Нургалиев; Л.М. Алимжанова
    Аннотация. Быстрое развитие технологий и растущий объем обмена информацией открывает новые возможности для улучшения образовательных процессов с помощью различных методов. Геймификация становится одной из тех эффективных практик и стимулов, которые повышают мотивацию и вовлеченность учащихся в образовательную среду. Учитывая важность образования для современных ученых и культурных кругов, в этом эссе исследуется, как геймификация используется в процессе обучения, и дается более точное представление о результатах, зафиксированных в статьях, и о том, как они были достигнуты.
  • Item
    ИНФОГРАФИКА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫ ВИЗУАЛИЗАЦИЯЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) А.Қ. Жакупова; М.C. Жолшаева
    Аңдатпа. Қазіргі уақытта байланыс құралдары ақпаратты ауызша беруден көрнекі түрде көрсетуге ауысады, бұл жанама көрнекілікті жаңа жолмен қалыптастыруға және жеткізуге және оқу ортасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін визуализапияяның жаңа бағыттары мен технологияларының пайда болуына әкеледі. Оқу пропесінде компьютерлік және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ақпаратты визуализациялау құралы ретінде инфографиканың дамуына жаңа серпін берді. Инфографикалық тапсырмалар студенттерді мұғалімнің қосымша қолдауынсыз қарым-қатынас дағдыларының барлық түрлерін қолдануға шабыттандырады. Мақалада қазіргі оқу үдерісіндегі инфографиканың қолданылу аясы, ақпаратты визуализациялаудағы әсері жайлы жан-жақты ашып көрсетуге тырыстық.
  • Item
    ПРОБЛЕМАЛЫҚ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНІС ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Г.Н. Атаева; А.Е. Габдуллина
    Аңдатпа. Мақалада проблемалық оқыту арқылы білім алушылардың танымдық қабілеттерінің, ізденіс дағдысының дамуына және оқытудың оқу-әдістемелік үрдісінде проблемалық әдістерді кең пайдаланудың қажеттілігін нақтылайды.
  • Item
    ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КӨМЕКШІ ЕТІСТІКТЕРДІ ЖІКТЕУДЕГІ ҒЫЛЫМИ ҰСТАНЫМДАР
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Ж.М. Полатова
    Аңдатпа. Мақалада қазақ тіліндегі көмекші етістіктерді зерттелуімен топтастырудың ғылыми – теориялық негіздері талданды. Қазақ тілі саласында көмекші етістіктер аз зерттелмеген. Біз қарастырып отырған ғалымдардың еңбегі соның бір дәлелі. Зерттеу мақсатымыз көмекші етістікті зерттеген ғалымдардың еңбектерін қарастырып, зерттеушілердің қай тұрғыдан қарастырғанын талдау. Қазақ тілі грамматикасында көмекші етістіктің сөйлемдегі қызметін тану, олардың ерекшеліктерін, сипаттарын ажырату қиын да маңызды мәселенің бірі. Көмекші етістіктердің қолданылу шеңбері де, жетекші етістіктерге қосатын семантикалық үлестері, түрлену жүйесі және басқа сипаттары да бәрінде бірдей емес. Мағынасында, функциясында, түрлену жүйесінде өзіндік ерекшеліктері бар. Сонымен қатар тілімізде атқаратын қызметі үлкен. Бұл тақырып тіл білімінде қазір де зерттеуді қажет етеді.