Search Results

Now showing 1 - 10 of 10
  • Item
    DEVELOPING THE PRACTICE OF CLIL WHILETEACHING BIOLOGY IN TRILINGUAL EDUCATIONAL CONTEXT
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Z.S. Khalmukhamedova; D.Gaipov
    Abstract. The current study is focused on trilingual education through action research. To integrate foreign language into curriculum of another subject Content Language Integrating Learning (CLIL) approach will be used. Organization of CLIL lessons is demanding especially when two teachers cooperate because both have different methods, principles and objectives. The paper through involving action research will be approbating teacher cooperation method to investigate way of developing teaching content through English language to learners of biology in secondary school. As the participants of the research students of 8thgrade (20-25) in Kaskelen in Almaty are selected. The purpose of involving action research is to test whether content teachers are ready to cooperate in such conditions and its effectiveness on students’ learning.
  • Item
    АУЫЗША СӨЗДЕГІ КІДІРІСТЕРДІ УӘЖДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ СӨЗ САПТАУЫН ЖЕТІЛДІРУТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А.С. Нурушова
    Аңдатпа. Мақалада ауызша сөздегі уəжді жəне уəжсіз кідірістердің коммуникативтік қызметі жəне ерекшеліктері талданды. Соңғы кезде жалпы тіл білімінде кідіріс интонация саласымен байланыстырылып, тар ауқымда зерттеліп жүргендігі белгілі. Жаңа бағыт тұрғысынан жүргізілген бұл зерттеудің мақсаты, радиодағы диктор сөзінің, яғни монологтық сипатта көрініс тапқан кідірістің өзіндік ерекшеліктерін талдау арқылы, білім алушының сөз саптауын жетілдіру. Қазіргі таңда жаңа технологияның даму қарқынына байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері артып келеді. Алайда техникалық құрал жетіле түскенімен, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі ақсап: радио, телеэфирден естілер сөз мəдениеті төмендеуде. Тіл мəселесіне келгенде жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып жүрген тілші-мамандардың білуге міндетті жайттары аз емес. Сондықтан, жоғары оқу орнында білім алушы студенттерге қазақ ауызша тілін оқытып, ауызша сөйлеу тілінің заңдылықтарын, ауызша сөз мəдениетін, сөйлеу техникасын үйрету өзекті тақырып болып саналады.
  • Item
    МҰХТАР ӘУЕЗОВПЕН ДЖЕК ЛОНДОН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Н.Ж. Кәдіржан
    Аңдатпа. Әлем əдебиеттану ғылымында жыртқыш аңның соның ішінде, «қасқыр» табиғатына сипаттама беріп, көркемдік қасиеттерін кеңінен талдап қарастырған шығармалар көп. Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» жəне Джек Лондонның «Ақ азу» шығармаларының негізінде жүргізілді. «Көксерек» повесі – Мұхтар Әуезовтің ұлттық проза өнерін əлемдік деңгейге көтеру мұратымен күн кешкен, адуын, асқар таланты тəркі тіршіліктің күйбең, зобалаңына құрық бермей жүрген шағында жазылған үздік туындыларының бірі. Бұл қазақ əдебиеті үшін мүлде жаңа құбылыс болатын. М. Әуезов Джек Лондонның «Ақ азуын» «Көксерек» жазылғаннан кейін алты жылдан соң аударған. Төрт бөлімнен тұратын «Ақ азудың» негізгі мотиві – өмір үшін жанталасқан адам жанкештілігін баяндау. Шығарма соңында қартайған Ақ азу жазымышқа мойынсұнып, адамдар ортасынан ажырамай, ежелгі жауы иттермен де ымыраға келіп күн кешуі. Шығарма соңы адам мейірімі бəрін жеңеді деген ойға жетелейді. Жиі айтылып жүрген пікірлердің бірі – «Көксерек» əңгімесі мен Джек Лондонның «Ақ азу» повесінің арасындағы ұқсастықтар туралы. Бұл екі шығарманың авторлық идеясы, оқиға құрылымы, сюжеттік дамытылуы жағынан өте ұқсас.
  • Item
    UNDERSTANDING THE MATHEMATICAL ABILITIES IN PSYCHOLOGY AND PEDAGOGY
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) M. Sikymbay
    Abstract. The purpose of this work is to analyze the understanding and content of the concept of mathematical abilities and develop methodological recommendations for developing the mathematical abilities of high school students. One of the most important characteristics of the modern educational process is the development of mathematical abilities of students. This problem is interesting both in theoretical and in practical aspects. Today, due to the presence of various psychological currents in the understanding of mathematical abilities, there is no precise and rigorous understanding of the content of this concept.The ability to study mathematics is understood to mean individual psychological characteristics that meet the requirements of educational mathematical activity and determine, under otherwise equal conditions, the success of creative mastering of mathematics as a subject of study, in particular a relatively quick, easy and profound mastering of knowledge, skills, and skills in the field of mathematics. Achievement of the goal implies a decision to analyze the understanding of mathematical abilities in psychology and pedagogy, to reveal the level of development of mathematical abilities in modern high school students
  • Item
    ТІЛ ЭКОЛОГИЯСЫНДАҒЫ МАСС-МЕДИАЛЫҚ ДИСКУРСТЫҢ РӨЛІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А.Ж. Аманжол
    Аңдатпа: Бұл мақалада бұқаралық ақпарат құралдарының тілі, БАҚтың тіл дамуына əсері, сондай-ақ қазіргі БАҚ дискурсының лексикалықсемантикалық ерекшеліктері БАҚ-тың негізгі өнімі ретінде қарастырылады. Бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін қателіктерден тіл экологиясының зардаптары да сөз болады. Мақалада тіл экологиясы арқылы дүниеге келген лингвоэкология, эколинвистика сияқты ғылыми жаңа бағыттардың негізгі зерттеу нысаны анықталады. Автор ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, қазақтілді БАҚ-тың бүгінгі даму деңгейіне талдау жасайды. БАҚ тілі халықтың сөз мəдениетінің айнасы екені тақырыптың өзектілігін аша түседі.
  • Item
    THE EFFECTIVE WAYS OF MATERIAL DEVELOPMENT IN TEACHING ENGLISH LANGUAGE IN MIXED-LEVEL CLASSES AT PRIVATE EDUCATIONAL CENTERS
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) A.M. Shudabay
    Abstract. This article is dedicated to the problem of mixed level classes in the private Educational Centres of Dostyk and relatedto it loss in quality. In order to investigate the reasons of emerging of mixed level classes we started with a literature review, which revealed the three dimensions of the issue and then tried to suggest one of possible ways of solution. Taking a step further we made an attempt to propose a model of the coursebook designed especially for using in the mixed level classes of the Dostyk centres. The results of the one year period approbation were analyzed. Taking a thorough look into the issue we tried to suggest a decision based not only on a development of a coursebook, but also on a set of recommendations on dealing with the mixed level classes, such as two and three levels simultaneous work strategies and others.
  • Item
    YABANCI DİL OLARAK TÜRKÇE DERSLERİNDE ÖĞRENCİLERİN KONUŞMA BECERİSİNİ GELİŞTİRMEYE YÖNELİK ETKİNLİKLER
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) A. Kurmanali; T. Ayazbay
    Özet. Bugün Türkçeyi yabancı dil olarak öğrenenlerin sayısı hızla artmakta ve buna paralel olarak Türkçenin yabancı dil olarak öğretimi de her geçen gün önem arz etmektedir. Bu ihtiyaç doğrultusunda Türkçenin yabancı dil olarak öğretimi adına çok büyük çalışmalar ve projeler geliştirilmekte ve yurt içi ile yurt dışında çeşitli okullar, dil merkezleri ve bölümler açılmaktadır. Ayrıca Türkçenin yabancı dil olarak öğretimi ve öğreniminin en etkili biçimde gerçekleşmesi için çeşitli çeşitli araştırmalar yapılmakta ve yeni yaklaşımlar, yöntemler, teknikler, materyaller denenmektedir. Yabancı dil öğretiminde genel amaçlardan biri, belki de en önemlisi öğrencilerin öğrendikleri dili akıcı bir şekilde konuşabilmeleridir. Dolayısıyla, öğrencilerin konuşma becerisini geliştirilmesi büyük önem taşımaktadır. Bütün bunları göz önünde bulundurularak, makalede yabancı dil olarak Türkçe öğretiminde öğrencilerin konuşma becerisini geliştirmeye yönelik etkinlikler ele alınacaktır. Ayrıca çalışmada yabancı dil öğretiminde dört temel beceri içerisinde günlük hayatta en çok kullanılan konuşma becerinin kazandırılması ve geliştirilmesinde öğretmenlere düşen görevlerden söz edilecek ve önerilerde bulunululacaktır.
  • Item
    МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМШЕ ЖҰРНАҚТАРЫ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Қ.А. Садықбеков
    Аңдатпа. Есімше жасаушы жұрнақтар қыр-сыры мол жəне мағыналық ренктерге өте бай болып келеді. Сондықтан да есімше қосымшаларын бірде есімше, бірде қимыл есімі, енді бірде шақ категориясы жасаушы қосымшалар арасынан көреміз. Мəмлүк қыпшақ тіліндегі есімше жұрнақтарының бірі -мыш қазіргі күнгі оғыз тобына кіретін тілдерде актив қосымшалар қатарында. Алайда мəмлүк қыпшақ ескерткіштері тілінде -ған, -ген жұрнақтары оны ығыстырып, атқаратын қызметтерін иемдене бастаған. Нəтижеде қазіргі қыпшақ тобына кіретін тілдер -ған, ал оғыз тобына кіретін тілдер -миш жұрнағын қолданатын тілдер болып қалыптасқан. Мақалада мəмлүк қыпшақ тіліндегі есімше жасаушы жұрнақтардың тұлғалық жəне мағыналық ерекшеліктері, қолдану жиілігі жəне даму жолдары секілді мəселелер қарастырылған.
  • Item
    МАТЕМАТИКАДАН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) М. Толымбекбаева; Е. Айтжанов
    Аңдатпа. Сыныптан тыс жұмыс – оқу – тəрбие процесінің ажырағысыз бөлігі. Ол оқушылар білімін тереңдете түсуге, олардың дарыны мен логикалық ойлауын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі. Мақалада cыныптан тыс жұмыстардың күнделікті сабақтан айырмашылықтары қарастырылған. Оқушылардың белсенділігін, өзара қарым-қатынасын қалыптастыруға, алған білімдерін ары қарай жетілдіруге ықпал ету көзделген. Сонымен қатар оқушылардың математикаға қызығушылықтарын арттыру проблемасы, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру жайлы да жазылған.
  • Item
    «ШАРТ» ҰҒЫМЫНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ЗЕРТТЕЛУІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) М.С. Жолшаева; Г.Ө. Мұсабек
    Аңдатпа. Бүгінгі таңда тілді зерттеу барысында оны тек сипаттап, жүйелеу жеткіліксіз. Қандай да бір тілдің табиғатын толығымен ашу үшін, тілді сипаттап, жүйелеумен қатар, адамның сөйлеу процесімен тұтастықта қарау қажеттілігі туындап отыр. Осының негізінде «адам – тіл – ойлау» үштігіне негізделген тіл білімінің антропоцентристік бағыты алдыға шығып отыр. Коммуникативтік бағыттағы зерттеулерде тілдік бірліктердің басқа деңгейдегі тілдік бірліктермен байланысы, сөйлеу кезіндегі «сөйлеуші» мен «тыңдаушының» қатысы тұрғысынан қарастырылып, зерттеледі. Дегенмен, бұл коммуникативтік бағыттағы зерттеулертілдің құрылымдық грамматикасын басшылыққа алатындығы белгілі. Сондықтан, шарт ұғымын функционалды грамматика тұрғысынан қарастыру кезінде қазақ тіл біліміндегі зерттелуін, тілдің əр деңгейіндегі қолданылу ерекшеліктерін анықтау қажет. Мақалада əр тілдік деңгейдегі «шарттық» ұғымның қазақ тіл біліміндегі зерттелуі қарастырылған.