Search Results

Now showing 1 - 10 of 81
  • Item
    МЕНЕЛАЙ ТЕОРЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Д. Төлбасы
    Аңдатпа. Үшбұрыштарға байланысты көптеген есептерді, acipece күрделі есептерді шешу барысында, үшбұрыш қабырғаларын ары қарай созу және ол созындыны үшбұрыштың басқа элементтерімен байланыстыру мәселесі туындайды. Осындай жағдайлардағы есептерді шешу үшін қолданылатын маңызды теоремалардың бірі Менелай теоремасы болып табылады. Менелай теоремасының көмегімен үшбұрыштарға байланысы, тіпті кейде төртбұрыштарға да байланысты күрделі есептерді қысқа жолмен шешуге болады. Мақалада осындай жағдайлар әр түрлі нұсқада қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.
  • Item
    ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ БОЛАШАҚ ТІЛШІ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНА ТИГІЗЕР ӘСЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ж.М. Дуйсебекова
    Аңдатпа. Тілшілердің қолына «сөз» атты ұлы құрал берілгендіктен, оларды төртінші билікке теңестіреміз. Тілшілер – белгілі бір қоғамның ойын, өзіндік ұстанымын қалыптастыруға қауқары жететін мамандық иегерлері. Сондықтан да олардың сөйленген әрбір сөзі, жасаған әрбір сөзі жіті қадағаланып отыруы тиіс. Әсіресе, тілшілер айтатын ойын дұрыс әрі сауатты жеткізе білуге машықтануы керек. Ол үшін болашақ тілшілерді дайындап отырған әрбір жоғары оқу орны өзінің алдына білікті маман даярлап шығару міндетін қойғаны абзал. Мақалада болашақ тілшілердің шешендік қабілетін дамытуға бағыттала отырып жүргізілген жаттығулардың нәтижелері берілген. Тәжірибе нәтижесі Сулейман Демирель Университетінің «Журналистика» мамандығының 2-курс студенттерінің негізінде алынды. Жүргізілген жаттығу жұмысы болашақ тілші тұлғасының қалыптасуына оң ықпалын тигізетіні анықталды.
  • Item
    DEVELOPING THE PRACTICE OF CLIL WHILETEACHING BIOLOGY IN TRILINGUAL EDUCATIONAL CONTEXT
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Z.S. Khalmukhamedova; D.Gaipov
    Abstract. The current study is focused on trilingual education through action research. To integrate foreign language into curriculum of another subject Content Language Integrating Learning (CLIL) approach will be used. Organization of CLIL lessons is demanding especially when two teachers cooperate because both have different methods, principles and objectives. The paper through involving action research will be approbating teacher cooperation method to investigate way of developing teaching content through English language to learners of biology in secondary school. As the participants of the research students of 8thgrade (20-25) in Kaskelen in Almaty are selected. The purpose of involving action research is to test whether content teachers are ready to cooperate in such conditions and its effectiveness on students’ learning.
  • Item
    ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ РӨЛІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) ХА. Ордабекова; А. Бекмұқамет
    Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім беруде ұлттық құндылықтарды қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Жеке тұлғаны дамытудағы мәселелер талданды. Білімалушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру барысында қазақ тілі сабағы мен мектепішілік жүргізілетін іс-шараларға талдау жасалынды. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар ұлттық құндылықтарды қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.
  • Item
    HAZARİSTAN (HAZARACAT) HAZARALARI ARASINDA NEVRUZ KÜLTÜRÜ VE GELENEKLERİ
    (СДУ хабаршысы - 2017, 2017) Murat Akyüz; Diner Recep
    Özet. Afganistan nüfusunun yüzde 9’unu oluşturan Hazaralar, ülkenin genelde Hazaristan (Hazaracat) bölgesinde, Gazni, Kabil ve Kuzey Afganistan’da yaşayan büyük bir çoğunluğu Şii (Caferi) olan bir gruptur. Hazaralar etnik köken olarak kendilerini Türk ve Moğol olarak görmekte olup Derice’nin (Afganistan Farsçası) Hazara şivesini konuşmaktadırlar. Hazaralar üç büyük boya ayrılmaktadır. Bu boylar; Besud, Ceguri ve Uruzgani’dir. Hazaristan bölgesi Afganistan’ın orta kesimlerinde yer almaktadır. Bu bölge; Bamyan, Ghor ve Day-Kundi vilayetlerini kapsayan dağlık bir alandır. Hazaristan’ın merkezi sayılan Bamyan sahip olduğu binlerce yıllık tarihi ve meşhur Buda heykelinin yanında Hazaralar’ın Afganistan’daki en önemli şehri ve kültür başkentidir. Kelime anlamı olarak “Yeni Gün” anlamına gelen ve İran ve Afganistan’da kullanılan takvimde yeni yılın başlangıcı olan Nevruz aynı zamanda ilkbaharın başlangıcı olarak kabul edilmektedir. Nevruz Bayramı ve törenleri bütün ön ve orta Asya milletlerinde olduğu gibi Hazaralar arasında da çok önemli bir yere sahiptir. Binlerce yıldan beri bölge halkları arasında kutlanan Nevruz, Hazaralar arasında da coşkuyla kutlanmaktadır. Nevruzdan önce hazırlıklar başlamakta, temizlik yapılmakta, yeni giysiler alınmakta, mezarlıklar ziyaret edilmektedir. Nevruz günü ise sofra kurulmakta ailecek dualar edilmekte ve akraba ziyaretleri yapılmaktadır. Bu çalışmamızda Afganistan’da yaşayan Hazaralar hakkında genel bilgiler verildikten sonra Hazaristan’da yaşayan Hazaralar’ın Nevruz ile ilgili örf ve adetleri hakkında detaylı bilgiler ele alınarak incelenmiştir.
  • Item
    АУЫЗША СӨЗДЕГІ КІДІРІСТЕРДІ УӘЖДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫНЫҢ СӨЗ САПТАУЫН ЖЕТІЛДІРУТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) А.С. Нурушова
    Аңдатпа. Мақалада ауызша сөздегі уəжді жəне уəжсіз кідірістердің коммуникативтік қызметі жəне ерекшеліктері талданды. Соңғы кезде жалпы тіл білімінде кідіріс интонация саласымен байланыстырылып, тар ауқымда зерттеліп жүргендігі белгілі. Жаңа бағыт тұрғысынан жүргізілген бұл зерттеудің мақсаты, радиодағы диктор сөзінің, яғни монологтық сипатта көрініс тапқан кідірістің өзіндік ерекшеліктерін талдау арқылы, білім алушының сөз саптауын жетілдіру. Қазіргі таңда жаңа технологияның даму қарқынына байланысты, бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері артып келеді. Алайда техникалық құрал жетіле түскенімен, бұқаралық ақпарат құралдарының тілі ақсап: радио, телеэфирден естілер сөз мəдениеті төмендеуде. Тіл мəселесіне келгенде жұртшылықпен тығыз байланыс орнатып жүрген тілші-мамандардың білуге міндетті жайттары аз емес. Сондықтан, жоғары оқу орнында білім алушы студенттерге қазақ ауызша тілін оқытып, ауызша сөйлеу тілінің заңдылықтарын, ауызша сөз мəдениетін, сөйлеу техникасын үйрету өзекті тақырып болып саналады.
  • Item
    ОҚУШЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Ж.K. Бейсебаева
    Аңдатпа. Мақалада қазіргі білім берудің жаңа технологияларын қолдану мен білімалушылардың тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі сөз болады. Білім беру талаптарының мазмұнының өзгергені және оны орындаудағы педагог қауымының міндеттері де талданады. Қазақ тілі сабағында функционалдық сауатттылықты қалыптастыру маңыздылығы турасында ғалымдар пікірлері мен тұжырымдарына талдау жасалады. Жаңа технологияларға деген заманауи көзқарас негізінде сараптама жүргізілді. Жалпы педагогтардың өз білімін жетілдіруі мен кәсіби маман болудағы өз тәжірибелеріне ендіруге болатын, тиімділігі бар функционалдық сауатттылықты қалыптастыру әдістеріне шолу жасалды.
  • Item
    ОҚУШЫЛАРДЫ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС КВАДРАТТЫҚ ФУНКЦИЯ ЕСЕПТЕРІН ШЫҒАРУҒА БАУЛУДА ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Т. Уалишева; M. Атейбекова; Н. Балта
    Аңдатпа. Бұл мақалада математиканы оқыту процесінде оқушылардың белсенділігін арттырудың және стандартты емес есептерді шешуге оқушыларды баулудың әдістерін қарастырылады. Соның ішінде технология құралдарын қолдана отырып оқытудың оқушылардың үлгеріміне және оның көмегімен стандартты емес есептерді шешудің оқушыларға әсерін қарастыру өзекті болып табылады. Қазіргі уақытта оқушылардың математика сабақтарына қызығушылығының болмауы педагогикалық зерттеушілердің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ мақала жазу барысында бірнеше еңбектердің нәтижелерін салыстыра келе стандартты емес есептерді шешуге баулу оқыту барысында көп жағдайда “назардан тыс” қалып қоятыны белгілі болды. Біз оның шешімі ретінде ұсынылып отырған осы екі бағытты қарастырып көрдік. Соңғы жылдардағы әр түрлі әдебиеттерді, әр түрлі елдердің зерттеу жұмыстарын саралап, оқытудағы технологиялық құралдардың әсерін зерттегеннен кейін, бұл әдіс оқушылардың үлгеріміне оң әсер ететіні анықталды.
  • Item
    TEACHERS’ PERCEPTIONS ON THE EFFECTIVENESS OF MAKATON IN A NURSERY CLASSROOM
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Sin A.
    The present study examined teachers’ perspectives of a visual support based language teaching tool ‘Makaton’ for preschool students in early years classrooms. Despite being used worldwide, only a few studies on Makaton as a tool to support spoken English in preschool education were conducted. This paper focuses on a study of Makaton being used at a school in the capital of Kazakhstan where students learn English as a foreign language. The qualitative case study drawing on data from class observations and interviews with teachers focused on the extent to which teachers believe this tool facilitates the development of basic functional English for EY learners. This paper will share results which reveal teacher perceptions of the positive benefits Makaton has on the development of language for ESL students and challenges in using this tool in an EY environment. The results are useful for EY pedagogues who are interested in exploring alternative methods to support preschool English learners. It is also a novelty study as Makaton is not widely used and there has not been any research done on Makaton as an ESL teaching tool in the context of Kazakhstani EY education. Therefore, this paper aims to stimulate dialogue on the use of Makaton in the local context.
  • Item
    ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ФУНКЦИОНАЛДЫ СТИЛЬДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
    (Global Trends and Values in Education, 2020) Кубесова М.Е.
    Түйіндеме. Мақалада функционалды стиль терминіне ғылыми зерттеулер нәтижесінде шыққан анықтамалар, тұжырымдар ұсынылады. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеулердің нысанына айналған функционалды стильдердің зерттелуіне, жіктелуіне, топтастырылуына, қалыптасуына, дамуына ғылыми шолу жасалып, ерекшеліктері көрсетіліп, тұжырымдар жасалынады. Функционалды стильдердің көптеген мәселелері зерттеу нысанына алынып, стильдік ерекшеліктері ескеріледі. Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тілін, кеңес дәуіріндегі баспасөз тілін, қазіргі кезеңдегі баспасөздің, радио-теледидар тілін, қазақ ауызекі сөйлеу тілін, ресми тілін, ғылыми тілін, көркем әдебиет тілін жан-жақты зерттеп, түрлі аспектіден қараған ғалымдар тобы жүйеленіп ұсынылады.