Search Results

Now showing 1 - 10 of 81
  • Item
    ТІЛ ҚАҚТЫҒЫСТАРЫ-ЛИНГВОКРИМИНАЛИСТИКАНЫҢ ЗЕРТТЕУ ПӘН
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) А.Т. Ратбекова
    Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі таңда жаңадан дамып келе жатқан сала «лингвокриминалистика» туралы ақпарат берілген. Бұл саланың зерттеу обьектісі мен сараптама жасау үлгілері жайлы айтылған. Қазіргі кезде орыс және қазақ тілдеріндегі мәтіндер қылмысты ашуға және тергеу жүргізуге немесе азаматтық дауларды шешу үшін қажетті дәлел ретінде алға тартылатын көп істер қазақстандық соттарда қаралып жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары кейде шындыққа сәйкес келмейтін, азаматтардың ар-намысына тиетін ақпаратты таратып жатады. Тағы бір жағдайларда журналистерге осындай кінә тағып, оларды орынсыз айыптайды. Жосықсыз жарнамаға, бәсекелестікке қатысты істерде, патент төңірегінде туындаған дауларда да ауызша жасалған құқық бұзушылықтар орын алып жатады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұндай істерді қарағанда көптеген фактілерді анықтау үшін филологиялық мәтінтану, қолданбалы лингвистика, қолданбалы сөйлеу т.б. салалардағы арнайы білімді қолдануды қажет етеді. Филология саласында арнайы (сараптамалық) білімдер – осы критерийлердің негізінде дау тудырған мәтінді жан-жақты және терең талдау үшін қажет.
  • Item
    ВОЗМОЖНОСТИ РАЗВИТИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ШКОЛЬНИКОВ НА ОСНОВЕ ФИЗИЧЕСКОЙ ПОДГОТОВКИ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Сайтбеков H.; Кайргожин Д.О; Сайтбеков Н.Д; Аяпова Г.М; Ханафия Ж.; Абдрахманов .М
    Аннотация. В статье представлено детальное описание технологии развития познавательной самостоятельности старшеклассников на уроках физической — культуры, включающей в себя: постановку — цели, технологическое сопровождение, разработку индивидуальной траектории развития познавательной самостоятельности, содержание — обучения и диагностику эффективности развития познавательной самостоятельности на ‘уроках физической культуры. Система образования в Республике Казахстан - открытая ‚ непрерывно развивающаяся, эффективна, основывается на стратегии развития общества и человека в нем. Такой подход .K образованию требует - смены образовательной парадигмы от авторитарной к гуманистической, что означает, несогласие понятие образования — как получения готового знания и мнение о педагоге как программа знаний и ценьральной "фигуре" педагогического развития, а значит направлений активности и переход к самостоятельной познавательной деятельности, где основным субъектомобразовательного процесса является ученик и его активная самостоятельная деятельность.
  • Item
    ФИЗИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Б. Медешова; Ф.Н. Құттығұл
    Аңдатпа. Мақалада оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мәселесі туралы сөз болады. Өзіндік жұмыс оқу үдерісінің манызды құрамдас бөлігі ретінде көрсетілген. Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда кездесетін мәселелерге, қойылатын талаптарға жан-жақты талдау жасалынған. Физика сабағында оқушыларға өзіндік жұмысты орындату арқылы білім сапасын арттыру жолдары нақтыланған.
  • Item
    ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) А.Ә. Нұрашева
    Аңдатпа. Мақалада оқулықтағы есептер жүйесін қазақтың байырғы қара есептерімен математика тарауларының жеке тақырыптарын оқу барысында. тәрбпепік мақсатта толықтырып, сонымен қатар. есеп құрастыруды тәрбиенің қуатты құралына айналдыру үшін салт-дәстүр мен тарихи деректерді білуді есеп шешімі табылуының қажетті шартына айналдыру идеясы негізделген. Халық педагогикасының құндылықтарын тиімді пайдалану негізінде математиканы оқыту моделі құрастырылған.
  • Item
    МҰХТАР МАҒАУИННІҢ «ЖАРМАҚ» РОМАНЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК
    (СДУ хабаршысы - 2023, 2023) Ізбай Іңкәр Өмірбекқызы
    Аңдатпа. Мақаланың кіріспе бөлімінде жалпы хронотоп терминінің шығу тарихына, ғылыми айналымға енгізген ғалымдар мен зерттеушілер берген анықтамаларға шолу жасалып, қазақ әдебиетіндегі уақыт және кеңістік категориясының зерттелуі қозғалған. Сонымен қатар М.Мағауиннің «Жармақ» романында көрініс беретін тарихи көркем уақыт пен кеңістік категориясына бойынша талдаулар жүргізіліп, тұжырымдар жасалды. Романда баяндалған негізі сюжет желісі екі тұлғалық бөліністі қамтиды. ал автор оқиғаны уақыт пен мекеннің адам санасынан тыс өзгеріп отыруы арқылы дамыта түскен. Уақыт пен кеңістіктің өзгеріп отыруына кейіпкердің эмоционалды-психологиялық жай-күйі, темпоралды ритм қозғалысы мен өзгерісі де әсер еткен. Романдағы метафизика, эстетика, этиканың байланысы және бір уақыт шенберінде болған бірнеше әрекет, кейіпкер тұрған кеңістіктің өзгеріп отыруы қарастырылды. Оған қоса автордың әдеби шығармадағы көркем уақыт пен кеңістікті берудегі тілдік қолданыстарының маңызы туындыдан алынған мысалдармен дәйектепді.
  • Item
    ӘР ТҮРЛІ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Ж.Т. Қайыңбаев; Э.Т. Амантаева
    Анңдатпа. Математикалық пәндерді оқыту барысында маңызды роль атқаратын мәселелердің бірі есеп және оның ішінде қозғалысқа байланысты есептер. Өмірдегі қозғалыстардың түрі өте көп. Бір түзу бойымен бір бағытта болатын немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, бір нүктеден басталатын немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар, әр бағытта болатын қозғалыстар, шеңбер бойымен бір бағытта немесе қарама қарсы бағытта болатын қозғалыстар, осы жағдайлардағы бір нүктеден немесе әр түрлі нүктеден басталатын қозғалыстар және т.б. Бір обьектінің немесе екі, үш және одан да көп обьектінің қозғалыстары. Мақалада, осындай қозғалыс түрлерінің математикалық моделдері сарапталады.
  • Item
    СӨЗЖАСАМ КУРСЫ БОЙЫНША СТУДЕНТТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) M. Жолшаева; А. Жолдаякова
    Аңдатпа. Мақалада сөзжасам курсы негізінде алған білімді бағалауда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, соның ішінде әлемдік тәжірибеде білім сапасын бағалау үшін қолданылатын Plickers, Grade cam, Pro Profs Quiz Maker бағдарламаларын пайдалану және оның артықшылары мен тиімділігі туралы қарастырылған. Бұл бағдарламалардың сабақта, аралық, қорытынды бақылауда қолданылуы қамтылған. Білім нәтижесін бағалау, оны тексеру біраз уақытты алатыны белгілі. Сондықтан уақытты үнемдеудің бір түрі ретінде қолданылатын бағдарламаның ерекшеліктері айтылады. Білім нәтижесін бағалауда әртүрлі әдіс-тәсілдермен қатар компьютерлік қосымшалар арқылы тапсырмаларды түрлендіріп қолдану, сол арқылы білім көрсеткішін арттыру, студент бойында көру арқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға болатындығы. сондай-ақ әлемдік тәжірибеде қолданылатын компьютерлік бағдарламаларды онлайн тестілеу жүйесінде қолдану жайы талданады. Сөзжасамнан алған білімді бағалауда бағдарламаның әрқайсысына жеке құрастырылған тест үлгілері берілген.
  • Item
    СОВРЕМЕННЫЕ СТРАТЕГИИ ОБУЧЕНИЯ ПРОФЕССИОНАЛЬНОЙ КОММУНИКАЦИИ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Б.А. Абилова
    Аннотация. В статье рассматриваются новые стратегии и подходы в обучении которые закономерно возникли в процессе изменения парадигмы казахстанского образования. Сегодня существует необходимость трансформации дидактических задач, обновления содержания образования. разработки системы обучения на основе опыта зарубежных стран и методического обеспечения учебного процесса цифровыми технологиями и средствами. Такие задачи требуют проведения лингво-методического исследования новых подходов и языковом образовании И вузе, поиске оптимальных адаптивных методик и подходов, какими являются студенты ориентированное обучение, персонализация B эпоху цифровой жизнедеятельности в связи с COVID-19. Другие виды стратегии как проектное обучение, STEM-образование и другие позволяют раскрыть индивидуальные особенности каждого студента, формировать коммуникативные навыки, критическое мышление на основе модели речевого дискурса и речевого поведения.
  • Item
    МҰХТАР ӘУЕЗОВПЕН ДЖЕК ЛОНДОН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІГІ
    (СДУ хабаршысы - 2018, 2018) Н.Ж. Кәдіржан
    Аңдатпа. Әлем əдебиеттану ғылымында жыртқыш аңның соның ішінде, «қасқыр» табиғатына сипаттама беріп, көркемдік қасиеттерін кеңінен талдап қарастырған шығармалар көп. Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» жəне Джек Лондонның «Ақ азу» шығармаларының негізінде жүргізілді. «Көксерек» повесі – Мұхтар Әуезовтің ұлттық проза өнерін əлемдік деңгейге көтеру мұратымен күн кешкен, адуын, асқар таланты тəркі тіршіліктің күйбең, зобалаңына құрық бермей жүрген шағында жазылған үздік туындыларының бірі. Бұл қазақ əдебиеті үшін мүлде жаңа құбылыс болатын. М. Әуезов Джек Лондонның «Ақ азуын» «Көксерек» жазылғаннан кейін алты жылдан соң аударған. Төрт бөлімнен тұратын «Ақ азудың» негізгі мотиві – өмір үшін жанталасқан адам жанкештілігін баяндау. Шығарма соңында қартайған Ақ азу жазымышқа мойынсұнып, адамдар ортасынан ажырамай, ежелгі жауы иттермен де ымыраға келіп күн кешуі. Шығарма соңы адам мейірімі бəрін жеңеді деген ойға жетелейді. Жиі айтылып жүрген пікірлердің бірі – «Көксерек» əңгімесі мен Джек Лондонның «Ақ азу» повесінің арасындағы ұқсастықтар туралы. Бұл екі шығарманың авторлық идеясы, оқиға құрылымы, сюжеттік дамытылуы жағынан өте ұқсас.
  • Item
    МЕНЕЛАЙ ТЕОРЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
    (СДУ хабаршысы - 2021, 2021) Ж.Т. Қайыңбаев; Д. Төлбасы
    Аңдатпа. Үшбұрыштарға байланысты көптеген есептерді, acipece күрделі есептерді шешу барысында, үшбұрыш қабырғаларын ары қарай созу және ол созындыны үшбұрыштың басқа элементтерімен байланыстыру мәселесі туындайды. Осындай жағдайлардағы есептерді шешу үшін қолданылатын маңызды теоремалардың бірі Менелай теоремасы болып табылады. Менелай теоремасының көмегімен үшбұрыштарға байланысы, тіпті кейде төртбұрыштарға да байланысты күрделі есептерді қысқа жолмен шешуге болады. Мақалада осындай жағдайлар әр түрлі нұсқада қарастырылған. Мақала, бүгінгі және болашақ математика пәндері мұғалімдеріне арналған.