5 results
Search Results
Now showing 1 - 5 of 5
Item ҮШІНШІ ДӘРЕЖЕЛІ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) B.D.Sydykov; Dzh.T. Kayinbaev; A.A.YeraliyevaАвдатпа. Мақала элементар математика пәндерінің «жанартылған бағдарламаға» көшуіне байланысты туындаған үшінші дәрежелі теңдеулерді шешу мәселесіне арналған. Элементар математика бұл бағдарламаға көшкенге дейін де үшінші дәрежелі теңдеулер белгілі деңгейде қарастырылған. Алайда мектеп математикасының жаңа мазмұнға көшуі бұл жағдайға жаңа серпін береді деп ойлаймыз. Сол себепті, мақалада үшінші дәрежелі теңдеулерді шешудің жаңа тәсілі «Кордана формуласы» және оның негізінде шешілетін есеп түрлері қарастырылған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.Item БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ ТӨРТБҰРЫШТАРҒА (ТРАПЕЦИЯДАН БАСҚА) БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕМЕСІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; N.B. UalikhanАңдатпа. Жалпы табиғатта болсын, күнделікті өмірде болсын, ғылым мен техникада болсын үшбұрыштарға қарағанда төртбұрыштар немесе үшбұрыш пішіндес нәрселерге қарағанда төртбұрыш пішіндес нәрселер көп кездеседі. Сондықтанда бүгін жалпы білім беретін орта мектеп парталарында, студенттік аудиторияда отырған білім алушылар бұл мәселелер жайлы математикадан функционалды сауатты болу үшін терең білім алулары керек. Ал бұл жағдайлардың іс жүзіне асуына үлкен көмек болатын мәселе - ол аталған материалдардың көзге көрінетін, көрінбейтін қасиеттерін, ерекшеліктерін байқауға, талдауға, меңгеруге итермелейтін күрделі есептерді шешуді үйрену болып табылады. Күрделі есептерді шешу біздің байқауымызша білім алушылардың аталған мәселелер жайлы практикалық біліктілігін ғана емес теориялық біліктілігін де жетілдіруге септігін тигізеді. Сол себепті, ұсынылған мақалада трапециялардан басқа төртбұрыштарға байланысты күрделі есептер мен оларды шешу жолдары талқыланады.Item ШЕҢБЕР MEH ДӨҢГЕЛЕККЕ БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІҢ БЕРІЛУ ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; M.K. NurpeiisАңдатпа. Мақала, элементар геометрия мазмұнындағы маңызды мәселелер болып табылатын шенбер мен дөңгелекке және оларға байланысты күрделі есептерді шешу жолдарына арналған. Жалпы бұл бағыттағы күрделі есептер, бір шеңбер екінші шеңбердің ішінде болғандағы(мұның өзі екі түрлі болып келеді), екі шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі болғандағы(бұл жағдайдың да екі түрі бар), екі шеңбердің екі нүктеде қилысуы және екі шеңбердің ортақ нүктесі болмайтын жағдайларды қамтиды. Осы жағдайлардың әрбіреуі үшін күрделі есептерді шешу жолдары талқыланады. Сол сияқты, мақалада басқа да фигуралардың шенберге іштей және сырттай сызылуы бойынша да күрделі есептер қамтылған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға арналған.Item «БҮТІН САНДАРДЫҢ БӨЛІНГІШТІГІ» НЕГІЗІНДЕ ШЕШІЛЕТІН КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; A.E.IliyasАңдатпа. Мақала, элементар математика мазмұнындағы маңызды мәселелердің бірі болып табылатын күрделі мәтінді есептерді «Бүтін сандардың бөлінгіштігі» негізінде шешу тәсілдеріне арналған. Жалпы, осы мазмұндағы күрделі мәтінді есептер негізінен теңсіздіктердің немесе теңсіздіктер жүйесінің көмегімен шешілетініне мақалады ерекше көңіл аударылады. Сол сияқты, мұндай мазмұндағы мәтінді есептердің, есеп талап етіп отырған жауабын анықтау да оңай шаруа емес. Мақалада, ол мәселе де талқыланған. Мақала, математиканы оқыту әдістемесі саласының мамандарына, мұғалімдерге, докторанттар мен магистранттарға және математикаға қызығушылық танытатын жоғары сыныптар оқушыларына арналған.Item КҮРДЕЛІ ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕРДІ ШЕШУ ТӘСІЛДЕРІ(СДУ хабаршысы - 2022, 2022) Dzh.T. Kayinbaev; В.К. SakhiyevaЖалпы орта білім беретін математика пәндері мазмұнындағы күрделі мәселелердің бірі тригонометриялық теңдеулерді шешу мәселесі. Біздің ойымызша оның екі себебі бар. Біріншісі, тригонометриялық мәселелердің түбі алгебралық мәселелер емес, теометриялық мәселелер. Алайда. тригонометриялық мәселелер геометрияға қарағанда Алгебрада немесе Алгебра және анализ бастамаларында көп қолданылады. Екіншіден, тригонометриялық мәселелермен жұмыс жасағанда қолданылатын формулалар өте көп. Және оның бәрін еске ұстау өте қиын. Төменде, күрделі тригонометриялық есептерді шешудің әр түрлі тәсілдері сарапталады. Сол сияқты, бұл есептерді жалпы орта білім беретін мектеп математика пәндері мұғалімдері математика пәніне қызығушылық танытқан білім алушыларға ұсынса дұрыс болар еді деп ойлаймыз.