Search Results

Now showing 1 - 5 of 5
  • Item
    ҚАЗАҚ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ИДЕЯЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
    (СДУ хабаршысы - 2022, 2022) А.Т. Давталиева; Б.Д. Жұмақаева
    Аңдатпа. Мақалада тәуелсіздік жылдарындағы қазақ балалар әдебиеті туындаларының идеялық даму ерекшеліктері анықталады. Тарихиәлеуметтік және батыс өркениетінің факторлары әсерінен балалар шығармашылығы және ондағы қаһармандар образының қаншалықты өзгеріске ұшырағандығы талданады. Сондай-ақ, өткен ғасырлардағы балалар әдебиеті мен заманауи шығармалардың идея тұрғысынан ұқсастықтары мен айырмашылықтары сараланады. Тәуелсіздік тұсындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірқатар елеулі туындыларына шолу жасалынып, идеялық мазмұны қарастырылады. Оның ішінде тәуелсіздіктн алғашқы жылдары мен сонғы онжылдықтың кейіпкерлерінің ойлауы, дамуы, армандауы мен қиялдарын да бір сарындас деп айтуға болмайды. Осылайша, 30 жылдың ішінде балалар қаһармандары бейнесі де заман ағынымен тез өзгерістерге ұшырап отырғандығы көрініс табады. Қорытындылай келе, сонғы 30-жылдықта қалыптасқан қазақ балалар әдебиетінің жалпы көрінісі адамгерші? эстетикалық құндылықтарды дәріптей отыра. өзінің заманауилығымен, батылдығымен, еркіндігімен, жылдамдығымен сипатталған.
  • Item
    З. СӘНІКТІҢ ОБРАЗ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІГІ (“СЕРГЕЛДЕҢ” ТАРИХИ РОМАНЫНДАҒЫ ТӨЛЕБАЙ ОБРАЗЫ)
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Жұмақаева; Ж. Әділбек
    Аңдатпа. Мақалада жазушы Зейнолла Сәніктің “Сергелдең” тарихи романындағы Төлебай төренің образын талдап көрсетуге тырыстық. Төлебай Қытай қазақтарының тарихында ерекше орын алған тарихи тұлғалардың бірі. Сол себептен де тарихи деректерге сүйене отырып, Төлебай төренің образын жан-жақты суреттеп көрсеттік. Образ жасаудың барлық түрлерін шебер қолданған және тарихи тұлға образын жасадық. Бұл шығарма арқылы Төлебай бейнесі халықпен қайта қауышып, ел есінде мәңгі сақталары анық.
  • Item
    КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ҚЫЗМЕТІ
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Б.Д. Жұмақаева
    Андатпа. Мақалада көркем шығарманың тілдік ерекшеліктері, соның ішінде көнерген сөздердің шығарманың идеялық мазмұны мен тілін дамытудағы қызметі талданған. Тілдегі сөздерде «жасырынған» ой қабаттарын қаламгер терең бақылап, тілдік тәжірибеден өткізу арқылы қазақ тілінің ойды беру шеберлігін көнерген сөздер арқылы да байытуға болатынын мысалдармен дәйектейді. Мақалаға өзек болып отырған көркем шығарма тілі С. Жүнісовтің «Ақан сері» роман дилогиясының мысалында талданып, сараланады.
  • Item
    ШЫҒАРМАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
    (СДУ хабаршысы - 2019, 2019) Ш.Л. Ерхожина; Б.Д. Жұмақаева
    Аңдатпа. Мақалада оқытудағы ойындардың қызметі мен маңыздылығы сөз болады. Балаларға ойынның әсері, оның дамытуға тигізетін пайдасы қарастырыла отырып, ғалымдардың ойын туралы зерттеулеріне шолу жасалды.Ойын арқылы оқытудың түпкі мақсаты – білімді жеңілдете отырып сапалы меңгерту болса, міндеттері - сабақтың түрлері мен әдістерін, мазмұнын жетілдіруге оның әдіскерлік танымдық, білімдік, тәрбиелік қызметі мен практикалық бағытын күшейтуекені айтылды.
  • Item
    Ж. АЙМАУЫТОВТЫҢ СУРЕТКЕРЛІК ШЕБЕРЛІГІ
    (СДУ хабаршысы - 2020, 2020) Б.Д. Жұмақаева; С.С. Жумабеков
    Аңдатпа. Бұл мақалада өткен ғасырдың алғашқы жартысында жарық көрген қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі «Қартқожа» романының эстетикалық құндылығы, танымдық қызметі талданады. Сондай-ақ қаламгердің суреткерлік шеберлігі, авторлық ұстанымы, шығарманың көркемдік ерекшелігі жайлы да сөз етіледі.